Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 2-ші сессиясы өтті.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихаттың кезектен тыс 2-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде «2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы туралы» бір мәселе қаралып бекітілді.

2021-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысына сәйкес, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика Министрінің бұйрығымен бекітілетін базалық көрсеткіштер тізбесі негізінде әзірленді.

Аумақты дамыту бағдарламасы нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жауапкершілікті бекіту негізінде жоғары деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың индикаторларын декомпозициялау жолымен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін әзірленеді.

Бұл құжат халықтың әл-ауқатын және білім беру, денсаулық сақтау, спорт, қоғамдық қауіпсіздік қызметтерін, өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымын сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін экономиканың тұрақты өсуін алдағы 5 жыл ішінде  қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламада 4 негізгі бағыт айқындалған: өңір экономикасының өсуі, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік саланы дамыту, қоғамдық қауіпсіздік. Барлығы 15 мақсат пен 28 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және басқа да маңызды объектілер салу, сумен жабдықтау объектілерін, автомобиль жолдарын, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын жөндеу және салу, инвестициялық жобаларды іске асыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін басқа да шаралар.

рисунок

рисунок

рисунок