Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты И.Илемесовтың қабылдауында Ақоба ауылдық округінің әкімі М. Жаналиев өз ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

2021 жылдың 11 наурызында «NurOtan» партиясы Жәнібек филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты И.Илемесовтың қабылдауында Ақоба ауылдық округінің әкімі М. Жаналиев өз ұсыныстары мен ескертулерін айтты.

М. Жаналиев ауылдық жерлерде жұмыс жасап жүрген жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталып, сондай ақ киіктердің еркін жүрісі-тұрысы ауыл шаруашылық құрылымдарының жұмысына кері әсер тигізіп жатқандығын тілге тиек етті. Көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар құзырлы органдарға жолданып, оң шешілуі «NurOtan» партиясының ұнемі бақылауында болатындығын М.Жаналиевтің назарына жеткізілді.