Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы

жоба

Орал қаласы                       №                                        ___ _______ 2018 жыл

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде

орманды пайдалану төлемақысының

ставкаларын (түбірімен босатылатын

сүрек үшін белгіленетін ставкаларды

қоспағанда) бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығы негізінде, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен келісілген, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы жасаған есептеулер негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының ставкалары (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекітілсін:

1) орманды жанама пайдаланғаны үшін;

2) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;

3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы қажеттері, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін;

2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен орман пайдалану құқығын алған мемлекеттік орман иеленушілерге, жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы №25-6 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3954 тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдедегі «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                        И. Илимисов

 

         Облыстық мәслихат хатшысы                                М. Құлшар

 

жоба

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының

2018 жылғы «___» ___________

№ ____________ шешіміне

1-қосымша

 

Орманды жанама пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Атауы Өлшем бірлігі Төлемақы ставкасы, теңге
1 Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйі бойынша    
1.1 жақсы (коэф.1,2) га 2477
1.2 қанағаттанарлық  (коэф.0,9) га 1858
1.3 қанағаттанғысыз (коэф.0,7) га 1445
2 Мал жаю, соның ішінде топтар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю үшін
2.1 түйе бір бас 1445
2.2 Ірі қара мал, жылқы бір бас 1156
2.3 Ірі қара мал төлі бір бас 578
2.4 ешкі бір бас 1012
2.5 қой бір бас 289
3 Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру га *
3 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бір ара ұясын орналастыру га 2064
4 Жаңғақтар және жемістер кг 0
5 Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат кг 0
6 Саңырауқұлақтар кг 0
7 Жидектер және өзгеде өнімдер кг 0
8 Мүк, орман төсемдері мен түскен жапырақтар, қамыс және т.б. кг 0

Ескерту: * Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары салық заңнамасымен анықталған жер салығы деңгейінде белгіленеді.

 

жоба

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының

2018 жылғы «___» ___________

№ ____________ шешіміне

2-қосымша

 

Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы ставкалары

Атауы Өлшем бірлігі Төлемақы ставкасы

 

1 Қабық тонна Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10%  пайызы мөлшерінде
2 Бұтақтар тонна Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 20%  пайызы мөлшерінде
3 Түбірлер тонна Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 15 %  пайызы мөлшерінде
4 Тамырлар тонна Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10 %  пайызы мөлшерінде
5 Жапырақтар тонна Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 5 %  пайызы мөлшерінде
6 Бүршіктер кг Түріне байланысты отындық сүректің  1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 30 %  пайызы мөлшерінде

         

жоба

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының

2018 жылғы «___» ___________

№ ____________ шешіміне

3-қосымша

 

 

Мемлекеттік орман қор учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы қажеттері, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы

ставкасы

қысқа мерзімді

орман пайдалану

ұзақ мерзімді

орман пайдалану

қысқа мерзімді

орман пайдалану (АЕК)

ұзақ мерзімді

орман пайдалану

(теңге)

1

Мемлекеттік орман қор учаскелерін ғылыми зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

га

0,1

1032

2

Мемлекеттік орман қор учаскелерін туристік, рекреациялық және спорт мақсаттары үшін пайдалану

1 адам-күн

га

0,1

5005

3

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

га

0

        

 

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

га – гектар;

АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

м3 – текше метр;

кг – килограмм.