Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 20.12. 2018 ж. №5442 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                №21-9                       7 желтоқсан 2018 жыл

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды

пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін

(түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін

мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №383 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылы 16 қазанда №17560 тіркелді) бұйрығы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда):

1) орманды жанама пайдаланғаны үшін 1-қосымшаға сәйкес;

2) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін 2-қосымшаға сәйкес;

3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім мемлекеттік орман иеленушілерге және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде айқындалған тәртіппен орман пайдалану құқығын алған тұлғаларға таратылады.

3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-5 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5356 тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Сессия төрағасы                                                          М. Құлшар

 

Облыстық мәслихат
хатшысы                                                                      М. Құлшар

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№21-9 шешіміне
1-қосымша

 

Орманды жанама пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

 № Атауы  Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
1 Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйі бойынша
1.1 жақсы (коэф. 1,2) гектар 2477
1.2 қанағаттанарлық (коэф. 0,9) гектар 1858
1.3 қанағаттанғысыз (коэф. 0,7) гектар 1445
2 Мал жаю, соның ішінде топтар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю үшін
2.1 түйе бір бас 1445
2.2 ірі қара мал, жылқы бір бас 1156
2.3 ірі қара мал төлі, есек бір бас 578
2.4 ешкі бір бас 1012
2.5 қой бір бас 289
3 Бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру гектар *
4 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бір ара ұясын орналастыру гектар 2064
5 Дәрілік өсімдіктерді және техникалық шикізаттарды дайындау және жинау
5.1 мия тамыры килограмм 62

Ескерту: *орман қоры учаскелерін бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде белгіленеді.

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№21-9 шешіміне

2-қосымша

Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Атауы Өлшем
бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
1 Ағаштар мен бұталардың қабықтары тонна Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

10 % пайызы мөлшерінде

2 Ағаштар мен бұталардың бұтақтары тонна Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

20 % пайызы мөлшерінде

3 Ағаштар мен бұталардың томарлары тонна Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

15 % пайызы мөлшерінде

4 Ағаштар мен бұталардың тамырлары тонна Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

10 % пайызы мөлшерінде

5 Ағаштар мен бұталардың жапырақтары тонна Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

5 % пайызы мөлшерінде

6 Ағаштар мен бұталардың бүршіктері килограмм Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан

30 % пайызы мөлшерінде

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№21-9 шешіміне

3-қосымша

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Атауы Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемелері
қысқа мерзімді орман пайдалану ұзақ мерзімді орман пайдалану қысқа мерзімді орман пайдалану (АЕК) ұзақ мерзімді орман пайдалану (теңге)
1 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану 1 адам-күн гектар 0,1 1032
2 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін пайдалану 1 адам-күн гектар 0,1 5005
3 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану гектар *
4 Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу мақсаттары үшін пайдалану 1 адам-күн гектар 0,1 1032

Ескерту: *орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен айқындалған жер салықтарының деңгейінде белгіленеді.

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
коэф. – коэффициент.