Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2021 жылдың 16 наурызда облыстық мәслихаттың Инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті, отырысқа тиісті басқарма басшыларыда қатысты. Осы отырыста «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-3 «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» және «Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешім жобаларымен таныстырып Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т. Каюпов депутаттар алдында баяндамасын жасады. Депутаттар шешім жобаларымен танысып, талқылап облыстық мәслихатының кезекті 3-ші сессиясының күн тәртібіне енгізуге келісімін берді.

рисунок