Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Жер комиссиясы туралы

Орал қаласы                             №21-12                       7 желтоқсан 2018 жыл

 

Жер комиссиясы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы №263 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жер комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Жер комиссиясы туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы                                                М. Құлшар

 

Облыстық мәслихат                                                      

хатшысы                                                           М. Құлшар

 

2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-12

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың шешіміне

1-қосымша

Жер комиссиясының құрамы

Стексов

Игорь Валерьевич

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы;
Мұханбетжанова

Әлия Биғазықызы

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Бермағамбетова

Айнагүл Аманғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының бас маманы, хатшы;
Комиссия мүшелері:
Дәулетжанов

Амангелді Медхатұлы

Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;
Есенғалиев

Берік Абатұлы

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
Қайсағалиев

Алтынбек Кеңесұлы

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы;
Ермеккалиев

Мұрат Шыманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша);
Рамазанов

Бауыржан Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан аумақтық бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
Ермағамбетов

Шынболат Бекұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалының бас гидротехнигі (келісім бойынша);
Жұмағалиев

Нұрбол Маратұлы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы директорының орынбасары (келісім бойынша);
Серғалиев

Нұрлан Хабиболлаұлы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  (келісім бойынша)
Салықов

Ербол Ғұмарұлы

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Исмағұлов

Тимур Нұрланұлы

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора-циясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (келісім бойынша);
Мақсотов

Нұржан Ерболатұлы

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша);
Махмұдова

Шолпан Жұматайқызы

«Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры (келісім бойынша);
Лаврентьев

Борис Георгьевич

«Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісім бойынша);
Гадельшиев

Бақытжан Мендыгерейұлы

«АксайСнабКонтракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);
Доценко

Анатолий Владимирович

«Доценко» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша);

 

2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-12

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың шешіміне

2-қосымша

 Жер комиссиясы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Батыс Қазақстан облысының аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

  1. Комиссияның функциялары:

1) жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;

2) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;

3) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;

4) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру;

5) Кодекстiң 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

6) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру;

7) орман қоры жерiн қоспағанда, Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

8) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру және алып қою;

9) жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.

5. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

 

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

6. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

7. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.

8. Комиссия төрағасы облыс әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.

9. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

10. Комиссия төрағасы:

  • отырысты шақырады;
  • Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
  • Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
  1. Комиссия мүшелері:
  • ұсынылған материалдармен танысады;
  • Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
  • отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
  1. Комиссия хатшысы:
  • Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
  • Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
  • отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
  • Комиссия мүшесі болып табылмайды.
  1. Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы  Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығысыз қатысады.
  4. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  5. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жүзеге асырады.
  6. Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
  7. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.

                                     4-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық (жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарымен, аудио-, бейнежазбаны сақтау, сондай-ақ жер комиссиясы отырысының аудио-, бейнежазбасын жүзеге асыру үшін қажетті жабдық орналастыруға арналған аппараттық үй-жаймен) қамтамасыз ету Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жүктеледі.