Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Ш.Өтебалиева жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

11.03.2021 жылы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыстық мәслихат депутаты Ш.Өтебалиева Орал қаласының тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Депутатқа келген тұрғындардың мәселелері өмірдің түрлі салаларына қатысты болды.  Орал қаласы тұрғыны үйдің шатырын жөндеу және ауладағы балалар ойын алаңын абаттандыру туралы өтінішпен жүгінді, бүл мәселе бойынша депутат Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына хат жолдады.

Жалғыз басты, көп балалы ана материалдық көмек сұрап жүгінді. Депутат жұмыссыздық мәселелері жөніндегі тиісті мемлекеттік ұйымдарға жүгінуді және балаларды мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін қалалық білім бөліміне өтініш жіберуді ұсынды. Қабылдауда барлық сұрақтар тыңдалып, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Барлық мәселелерді шешу үшін уақыт қажет, бірақ көбісі шешімін табуда, деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Ш.Өтебалиева.