Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Н.Х.Серғалиев тұрғындарды қабылдады.

Кеше 24 ақпанда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Н.Х.Серғалиев тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Онлайн қабылдауға жазылған тұрғындар да болды. Тайпақ ауылының тұрғыны, тұрғын үй мәселесі жөнінде хабарласты. Оған осы мәселе бойынша толық анықтамалық түсініктемелер берілді. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде де кеңестер берді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.