Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов қоғамдық қабылдауын өткізді.

Бүгін «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов жұмыс жоспары бойынша қоғамдық қабылдауын өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары өз шағымдарын айтты. Өтініштер негізінен жұмысқа орналасу, №22 қоғамдық көліктің жүру уақытына арыздану, сондай-ақ, қазіргі карантин талаптарының сақталмайтынына қатысты болды.

Депутат түскен шағымдарды мұқият тыңдап, алдағы уақытта бұл проблемалардың шешілу жолын қарастыратынын айтты.

рисунок