Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты А.Салиева облыс азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыстық мәслихат депутаты А.Салиева  «Nur Otan» облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында 12.02.2021 жылы облыс азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар депутатқа түрлі сұрақтармен келді.

Теректі ауданы Ақсаут кентінің тұрғыны 2009 жылдан бастап толық емес отбасы ретінде және үш кәмелетке толмаған баласы бар тұрғын үй құрылысы бойынша жер телімін алу кезегінде тұрған қызының мәселесін көтерді. Қабылдау барысында депутат тиісті аудан әкімдігіне тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алғанға дейін уақытша тұрғын үйді қарау туралы ұсыныс жасады.

Жүгінген жас жігіт 2019 жылы жол апатынан ауыр жарақат алды. Толық медициналық көмекті ФОМС бойынша кепілдік көлемі шеңберінде уақытында алды. Алайда, қосымша жеке протездеу қажет, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша медициналық препараттар тізбесіне кірмейді. Протезді дайындауға ақы төлеудің өз қаражаты жоқ. Депутат қаражат жинау үшін жас жігітке көмек көрсету үшін қоғамдық қорларды тартуды ұсынды.

Сондай – ақ, облыстық мәслихат депутаты А.Салиева «Nur Otan» партиясы БҚОФ төрағасының орынбасары М. Мукаевпен бірге мүгедек балалардың бір топ әйел-аналарын қабылдады, ерекше балалардың аналары ерекше балаларға арналған оңалту орталығын құру жөнінде ұсыныс жасады, сондай-ақ оларға қайырымдылық қаражатынан тұрақты негізде материалдық көмек көрсетуді нақты өтінішпен келді. Депутаттар қайырымдылықтың ерікті негізде жүргізілетінін түсіндірді. Қабылдауда барлық сұрақтар тыңдалып, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Барлық мәселелерді шешу үшін уақыт қажет, бірақ көбісі шешімін табуда, деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты А. Салиева