Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

БҚО-ның 2018 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Орал қаласы                                          №25-1                            27 мамыр 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының 2018 жылға

арналған облыстық бюджетінің атқарылуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2018  жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының 2018 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1-қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 118 375 545,2 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 38 317 569,6 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 2 162 903,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 10 370,6 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 77 884 701,7 мың теңге;

2) шығындар – 117 553 260,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 9 464 994,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 12 306 225,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 841 230,3 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – (- 1 650,1) мың  теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – (- 8 641 059,6) мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 8 641 059,6 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 12 063 595,4  мың теңге;

қарыздарды өтеу –  3 208 719,5 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – (- 213 816,3) мың теңге.

2. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.

 

Қосымша (xlsx, 131 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                 Қ.Мұқанов                                            

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                       М.Құлшар