Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

БҚО мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Орал қаласы                                   №25-8                                   27 мамыр 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3

«Жергілікті мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобаларының тізбесін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

мен толықтыру енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына және 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                   К. Мұқанов

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                      М. Құлшар

 

         Батыс Қазақстан облыстық

         мәслихатының 2019 жылғы

         27 мамырдағы  №25-8 

         шешіміне қосымша

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2017 жылғы

          6 желтоқсандағы №15-3

          шешіміне қосымша

 

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі      

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

Атауы

1

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы

МКК ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасына магнитты-резонансты томографты лизингке алу» Орал қ.

БҚО Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы

ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру

ШЖҚ «Ақжайық ауданының орталық ауруханасы» МКК үшін компьютерлік томографты лизингке алу

ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК үшін ангиографиялық қондырғылар лизингке алу

2

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету

БҚО Бәйтерек ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету

3

Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Орал қаласының көшелерін жарықтандыруды сенімгерлік басқаруға беру жолымен жаңғырту

«БҚО Бәйтерек ауданы, Переметное, Мичурино, Дарьинск, Үлкен-Шаған ауылдарында көше жарықтандыруды жаңғырту және пайдалану»