Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

БҚО Казталов ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

2018 жыл

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаты

2018 жыл

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының  

кейбір  елді мекендерінің  әкімшілік-аумақтық 

құрылысына өзгерістер  енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8  желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына  сәйкес, Казталов аудандық әкімдігінің   2017  жылғы  17  қазандағы  №350  және Казталов аудандық  мәслихатының 2017  жылғы 22 қазандағы  №16-10  бірлескен қаулысы   және  шешімі  негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ  және  Батыс  Қазақстан  облыстық  мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан  облысы  Казталов  ауданының  әкімшілік –аумақтық құрылысына мынадай  өзгерістер  енгізілсін:

1) Ақпәтер ауылдық округінің Кішкене шал елді мекені  таратылсын және оның  бағыныстылығы Ақпәтер ауылдық округіне  өзгертілсін;

2) Талдықұдық ауылдық округінің Таскүтір елді мекені таратылсын және оның  бағыныстылығы  Талдықұдық ауылдық округіне  өзгертілсін;

3) Талдықұдық ауылдық округінің Құрман елді  мекені  таратылсын және оның  бағыныстылығы  Талдықұдық ауылдық округіне  өзгертілсін;

Мына  елді  мекендердің  бағыныстылығы  өзгертілсін:

1) Жалпақтал ауылдық округінің Құлақ  елді  мекені – Жалпақтал ауылына;

2) Қараөзен ауылдық округінің Құлақ елді  мекені  – Қараөзен  ауылына;

3) Қарасу ауылдық  округінің Төреғали  елді  мекені  -Қарасу  ауылына.

 

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы(А.Сұлтанов)осыбірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                            А.Көлгінов Сессия төрағасы                                       М. Есмагулов

 

Облыстық мәслихат хатшысы                 М.Құлшар