Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссияны құру туралы

Облыстық мәслихаттың
 шешімі

 

Орал қаласы              № 4-9             10 маусым 2016 жыл

 

Бюджеттік кредиттерді қайта

құрылымдау жөніндегі

комиссияны құру туралы

 

              Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №169 қаулысы негізінде облыстық мәслихат  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысы бойынша бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия  төрағасы                                     С.Сүлеймен

Облыстық  мәслихат хатшысы                  М.Құлшар

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2016 жылғы

10 маусымдағы №4-9  шешіміне

қосымша

 

 

Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау жөніндегі

комиссияның құрамы

 

Қонысбаева

Бибігүл Тишанқызы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;

 

Шүкірғалиев

Ербол Едігеұлы

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:
Салахатдинова

Айгүл Бақытжанқызы

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы;

 

 

Маңқараев

Қайсар Зәкірұлы

Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының басшысы;

 

Сатқанов

Миржан Мұнайдарұлы

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы;

 

Өксікбаев

Арман Серікұлы

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы;

 

Байменов

Мұрат Болатұлы

Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.