Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

 

 

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің
нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
тізілімінде 23.06. 2017ж. №4830 болып енгізілді

 

 

 

Батыс Қазақстан                                                  Батыс Қазақстан
облысының әкімдігі                                             облыстық мәслихаты
№148                                                                    №10-5
1 маусым 2017 жыл                                           1 маусым 2017 жыл

 

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4
«Жер учаскелері жеке меншікке берілген
кезде олар үшін төлемақының базалық
ставкалары туралы» бірлескен қаулысына
және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстықмәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №7-4 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3254 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бірлескен қаулымен және шешіммен белгіленген жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларында:
1-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Орал қаласы 1560»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2 Ақсай қаласы1250».
2. Батыс Қазақстан облыстықмәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежәне бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелерібойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімі                                                       Сессия төрайымы

                А.Көлгінов                                                           Л.Тұрсынова

                                                                         Облыстық мәслихат хатшысы

                                                                                            М.Құлшар