Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы№165 және №34-5 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы» бірлескен қаулысына және шешімінеөзгерістеренгізу туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

 

 

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің
нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
тізілімінде 23.06. 2017ж. №4828 болып енгізілді

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының                             Батыс Қазақстан облыстық

әкімдігі                                                                   мәслихаты
№149                                                                    №10-6
1 маусым 2017 жыл                                           1 маусым 2017 жыл

 

 

 

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2003 жылғы 23 тамыздағы№165 және №34-5
«Қазақстан Республикасы азаматтарының
жеке меншігінде болуы мүмкін жер
учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері
туралы» бірлескен қаулысына және
шешімінеөзгерістеренгізу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының2001жылғы 23қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016жылғы 6 сәуірдегі«Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстықмәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының2003 жылғы 23 тамыздағы №165 және №34-5 «Қазақстан Республикасы азаматтарыныңжеке меншігінде болуы мүмкін жеручаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерітуралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2294 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарыныңжеке меншігінде болуы мүмкін жеручаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерітуралы»;
кіріспе бөлігі (кіріспесі) мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкесБатыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІжәнеБатыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері төмендегідей көлемде белгіленсін:
1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын жерде 0,40 гектар және суармалы жерде 0,25 гектар;
2) облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,20 гектар және Орал қаласында 0,12 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,15 гектар.».
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыс әкімі                                                              Сессия төрайымы

              А.Көлгінов                                                                       Л.Тұрсынова

                                                                                Облыстық мәслихат хатшысы

                                                                                                       М.Құлшар