Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының «Чингирлауский район» орыс тіліндегі атауының транскрипциясын «Шынгырлауский район» деп нақтылау туралы

Батыс Қазақстан                                                        Батыс Қазақстан облыстық

облысының әкімдігі                                                                      мәслихаты

№                                                                                                         №

_____      ___________ 2018 жыл                                 _______________ 2018 жыл

 

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданының

«Чингирлауский район»

орыс тіліндегі атауының

транскрипциясын «Шынгырлауский

район» деп нақтылау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық  бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ  олардың    атауларының  транскрипциясын  нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын  бекіту туралы»    қаулысы  негізінде   Батыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ     және   Батыс Қазақстан  облыстық     мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының орыс тіліндегі «Чингирлауский район» атауының транскрипциясын – «Шынгырлауский район» деп нақтылау жөніндегі ұсыныс енгізілсін.

 

Облыс әкімі

 

А.Көлгінов

Сессия төрағасы                                   Ф.Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат хатшысы                    М.Құлшар