Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

 

 

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

          № 65

15  наурыз 2018 жыл

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

         мәслихаты

            № 16-7

16  наурыз 2018 жыл

Орал қаласы

 

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданының

білім беру ұйымдарын

қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Тасқала

ауданының келесі білім беру ұйымдарын қайта атау жөніндегі ұсыныстар енгізілсін:

  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Вавилин бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Бастау бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Жемшін бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Тоғайлы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Жалпы білім беретін Ынтымақ негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Кузнецов негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Бірлік негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Айнабұлақ негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Семиглавый Мар мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Достық мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Совхоз «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Атамекен «мектеп-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Мерей мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

Облыс әкімі

                

             А.Көлгінов

Сессия төрағасы

                      

                       М. Байжанов

 

Облыстық мәслихат хатшысы

                       М.Құлшар