Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

Батыс Қазақстан облысы елді

мекендерінің аумағында қаңғыбас

иттер мен мысықтарды аулау және

жою қағидаларын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.

         2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

           3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                            Ж. Жақыпов

Облыстық мәслихат   хатшысы                                    М. Құлшар

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
20__ жылғы «___» _______ № ______

шешімімен бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы, Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

2) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары;

3) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және жою аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың (аудандар мен Орал қаласының ветеринарлық станциялары) жергілікті атқарушы органдары құрған, ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырып жатқан мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар жүзеге асырады (бұдан әрі-Ұйым)

4. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:

1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;

2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;

3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;

4) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.

        Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырлады және жүргізіледі.

5. Ұйым қызметкерлері аулау кестесіне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асырады, сонымен қатар тиісті әкімшілік-аумақтың жергілікті атқарушы органдары тапсырысымен, қаңғыбас иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

6. Ұйым аулаумен айналысатын қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді, нұсқамалық түсінік жүргізеді, азаматтардың талабы бойынша көрсетілетін иттер мен мысықтарды аулау құқығын растайтын куәлік береді.

7. Ұйым аулау және жою құрал-жабдықтарымен жабдықталады (ілмекті аулау құралдары, торқапшықтар, торлы дорбалар және/немесе фармакологиялық дәрі-дәрмекті пневматикалық винтовка).

8. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекемелердің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.

9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.

10. Аулауды жүргізу кезінде ұйым қызметкерлеріне:

1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықты қолдануға;

3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғыбас иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;

4) адамдарға бағыттап атуға жол берілмейді.

11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеге жеткізіледі.

12. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және/немесе құтыру ауруы күдігі болғанда) оларды Ұйым кідірмей жояды.

13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын қызметкерлерге сот шешімісіз немесе учаскелiк полиция инспекторысыз пәтерлерден, жеке үйлердің ауласынан, дүкен, дәріхана немесе басқа мекемелердің маңында уақытша байлаудағы жануарларды алып кетуіне тыйым салынады.

14. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарларды (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе Ұйым өкілдері тез арада жақын маңда орналасқан ветеринариялық  емдеу мекемесіне, ақылы негізде,  күнтізбелік 10  күні ішінде оқшауда және бақылауда болу үшін ветеринариялық мамандарға  жеткізілуі қажет.

15. Жекелеген жағдайда, адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарларды үй-жайда күнтізбелік 10 күні ішінде оқшаулап ұстауға және ветеринариялық дәрігерге көрсетуге жазбаша міндеттемесінің негізінде ветеринариялық емдеу ұйымы жануарды иесіне қалдыруға рұқсат береді.

 

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемелерге тасымалдау

16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

17. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оған қоса жануарларды тиеу мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және /немесе өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.

18. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейтарап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.

19. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық оқылатындай жазылуы керек.

20. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз қаңғыбас иттер мен мысықтар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

 

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде ұстау

21. Уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы туралы мәліметтер енгізіледі.

22. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.

23. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

24. Үш күн ішінде ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда олар өлтірілуге жатады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

25. Сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, дәрілік жолмен өлтіруге жатады.

26. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды өлтіру басқа жануарлар ұсталатын бөлмеден бөлек орналасқан мамандырылған бөлмеде жүргізіледі.

27. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және/немесе биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және/немесе стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.

28. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге рұқсат етілмейді.

6.Қорытынды ереже

29. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

30. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.