Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылын және Ақбұлақ ауылдық округінің Сатайкөл ауылын тарату туралы

жоба

 

 

Бірлескен
қаулы мен шешім

Орал қаласы                                                                          2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Кеңтүбек ауылдық округінің
Пролетарка ауылын және
Ақбұлақ ауылдық округінің
Сатайкөл ауылын тарату туралы

 

                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы №74 және Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы №12-6 «Бөрлі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылы және Ақбұлақ ауылдық округінің Сатайкөл ауылы таратылсын.
2.Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде  және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                               Сессия төрағасы

                 А. Көлгінов                                                Л. Тұрсынова                                 

                                                                 Облыстық мәслихат хатшысы
                                                                             
                                                                                     М. Құлшар