Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

(ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  07.03. 2019 ж. № 5559 болып енгізілді)

 

Орал қаласы                             №23-2                             6 наурыз 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша

2019 – 2025 жылдарға арналған

қоршаған орта сапасының нысаналы

көрсеткіштерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 – 2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комисиясына жүктелсін.

3.Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                          М. Құлшар

                                      

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                               М. Құлшар

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының

2019 жылғы 6 наурыздағы

№23-2 шешіміне

 қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналық көрсеткіштері

Нысаналық көрсеткіштің атауы

(өлшем бірлік)

2019 жыл 2020 жыл 2022 жыл 2025 жыл
Атмосфералық ауа
Атмосфераға бөлінетінластағыш заттардың жалпы шығарынды

мөлшерімың тонна/жыл

89,85 85,88 77,92 66,00
Атмосфераға бөлінетін

ластағыш заттардың

нақты шығарынды мөлшері

миллион тонна/жыл ЖӨӨ

38,7 34,2 28,8 21,8
Көміртек оксидінің (СО) нақты шығарынды мөлшері

миллион тонна/жыл ЖӨӨ

11,8 11,2 10,1 8,57
Күкірт диоксидінің (SO2)

(миллион тонна/жыл ЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

2,60 2,28 1,92 1,45
Азот диоксидінің(NO2)

(миллион тонна/жыл ЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

3,76 3,27 2,75 2,08
Азот оксидінің(NO)

(миллион тонна/жылЖӨӨ)

нақты шығарынды мөлшері

0,61 0,53 0,45 0,34
Автокөліктің әсер етуінің реперлік қадағалау нүктесі

(Еуразия даңғылы-Достық даңғылы қиылысы), көміртек оксидінің (СО)ШРК м.б. бойынша концентрациясы

2,2 2,0 1,5 1,0
Орал қаласы атмосфера ластануының комплексті индексі(АЛИ 5) 2 2 ≤2 ≤2
Ақсай қаласыатмосфера ластануының комплексті индексі

(АЛИ 5)

2 2 ≤2 ≤2
Жер үсті суларының сапасы
Шығарынды сулар мөлшері

(мың тонна/жыл)

8,54 8,11 7,22 5,90
Ластағыш заттардың нақты шығарынды мөлшері

(миллион тонна/жыл ЖӨӨ)

3,68 3,23 2,67 1,94
Қалдықтар
Өндірістік қалдықтардың олардың пайда болуына қатысты

қайта өңдеу үлесі, %

50 70 ≥80 ≥80
ҚТҚ олардың пайда болуына қатыстықайта өңдеу үлесі, % 3,4 7,8 11,9 18,0
Қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін Орал қаласының тұрғындарын қамту, %

 

62,0 64,5 67,0 70,0
Өсімдіктер және экожүйелер
Мемлекеттік орман қорының аумағында орман алқабымен жабылған аудан, мың га 103,0 104,0 105,0 106,0
Ерекше қорғалатын аудандардың облыс аумағына қатысты үлесі, % 0,012 0,016 0,036 0,059

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім;

ШРК – шекті рауанды концентрация;

м.б. – максималдық біржолғы;

АЛИ – атмосфера ластануының индексі;

ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар;

га – гектар.