Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы және мүшелеріне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Орал қаласы                              № 11-6                            26 маусым 2017 жыл

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша
тексеру комиссиясы» мемлекеттік
мекемесінің төрағасы және мүшелеріне
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарына қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі №456 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы және мүшелеріне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                 Сессия төрағасы                                                     А.Амирханян

                Облыстық мәслихат хатшысы                                 М.Құлшар