Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұсыныстарын енгізу туралы

Орал қаласы                   № 8-6                 9 желтоқсан 2016 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша
тексеру комиссиясы» мемлекеттік
мекемесіне 2017 жылға арналған
мемлекеттік аудит объектілерінің
тізбесіне Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының ұсыныстарын
енгізу туралы

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұсынысы бойынша, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұсыныстарын енгізу ұсынылсын:
1.    «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен бөлінетін қаржының тиімді пайдалануы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу.
2.    «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде су қоймаларын пайдалану және кең таралған пайдалы қазбаларға бюджеттен бөлінетін қаржының тиімді пайдалануы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу.

Сессия төрағасы                                      Т.Ескендіров

    Облыстық мәслихат хатшысы                   М.Құлшар