Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне «Ақжайық» футбол клубы ЖШС-ін енгізуді ұсыну туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

Орал қаласы                   №6-4                 15 қыркүйек 2016 жыл

«Батыс Қазақстан облысы бойынша
тексеру комиссиясы» мемлекеттік
мекемесіне 2016 жылға арналған
мемлекеттік аудит объектілерінің
тізбелеріне «Ақжайық» футбол клубы
ЖШС-ін енгізуді ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарына сәйкес және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ұсынысы бойынша, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне бюджет қаражатының тиімді игерілуі жөнінде «Ақжайық» футбол клубы жауапкершілігі шектеулі серіктестігін енгізу ұсынылсын.

Сессия төрағасы                                         Ж.Жақыпов

Облыстық мәслихат хатшысы                      М.Құлшар