Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының 2017 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

Орал қаласы                                          №17- 6                       31 мамыр 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының 2017 жылға

арналған облыстық бюджетінің атқарылуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2017  жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысының 2017 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1- қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 123 886 149,6 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 36 957 141,5 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 1 835 185,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 11 028,7 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 85 082 793,4 мың теңге;

2) шығындар – 130 386 215,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 5 772 463,2 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 9 420 267,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 647 803,8 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 369 903,8 мың  теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – (-12 642 432,9) мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 12 642 432,9 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 8 835 358,8  мың теңге;

қарыздарды өтеу –  4 388 649,0 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – 8 195 723,0 мың теңге.

  1. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі және ұсынымдары қатерге алынсын.

 

Қосымша (rar, 404 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                       Ф.Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                 М.Құлшар