Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының 2016 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Орал қаласы                               №11-1                        26 маусым 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысының 2016 жылға
арналған облыстық бюджетінің атқарылуы
жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысының 2016 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1- қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 136 788 793,3 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері – 38 393 041,0 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер – 2 248 452,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 2 438,2 мың теңге;
трансферттердін түсімдері – 96 144 861,3 мың теңге;
2) шығындар – 129 280 512,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 3 769 404,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 010 555,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 241 150,7 мың теңге;
4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо –
(- 34 991,4) мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 3 773 867,5 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
(- 3 773 867,5) мың теңге:
қарыздардың түсімі – 6 336 576,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 222 329,9 мың теңге;
бюджет қаражаттары қалдықтары – 8 764 940,5 мың теңге.
2. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.

 

 

Сессия төрағасы                                                 А.Амирханян

Облыстық мәслихат хатшысы                              М.Құлшар