Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың

ШЕШІМІ

 

 

Орал қаласы                       № 31 -1               23 ақпан 2016 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Қоғамдық кеңесінің

Ережесін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (бұдан әрі- Ереже) бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                     С. Сүлеймен

 

Облыстық мәслихат хатшысы                               М.Құлшар

 

 

 

 

2016 жылғы 23 ақпандағы №31-1
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың шешімімен бекітілген

 

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қоғамдық кеңес- мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құрылатын косультативтік –кеңесші, байқаушы орган.
2. Осы Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі туралы ережесі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысын басшылыққа алады.

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
2. Қоғамдық кеңес автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңес арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
3. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
4. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

3.Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

1. Қоғамдық кеңестің қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қоғамдық негіздегі қызметі;
2) автономдық;
3) дербестік;
4) жариялылық;
5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

5. Қоғамдық кеңестің өкілеттігі

1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестің
өкілеттіктеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
2. Осы 1-тармақтың 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

6. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыру тәртібі

1. Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және
конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
3. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
4. Жұмыс тобының сандық құрамын жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды.
5. Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
6. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жергілікті өкілді органға жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
7. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес талаптар қойылады.
8. Жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
9. Жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
10. Отырыста осы ереженің 14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша іріктеу жүргізіледі.
11. Жұмыс тобының құрамы өкілді орган басшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
12. Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

7. Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының өкілеттігі, оның отырыстарын дайындап өткізу тәртібі

1. Қоғамдық Кеңестің жұмыс тобын қалыптастыру, өкілеттілігі және
оның отырыстарын дайындап өткізу тәртібі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Батыс Қазақстан облысында тұратын, он сегіз жасқа толған
азаматтар Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және
немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңеске сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

9. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру, мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

1. Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және
конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
2. Мемлекеттік органнан қоғамдық Кеңес құрамындағы өкілдік ету Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған мемлекеттік органдардан өкілдердің жеке құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл ретте, мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
3. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету қоғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
4. Қоғамдық Кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық Кеңестің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.
5. Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы қоғамдық Кеңеске сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
6. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жұмыс тобына кандидатураларды жазбаша түрде ұсынуға жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
7. Азаматтық қоғамнан қоғамдық Кеңес мүшелігіне кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
8. Жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына Кеңес мүшелігіне кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтардың өкілдерін шақыруымен отырыс ұйымдастырады.
9. Жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
10. Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобы мүшелерімен ашық дауыс беріледі. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
11. Қоғамдық Кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті өкілді
органның шешімімен бекітіледі.
12. Қоғамдық Кеңестің құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланады және (немесе) жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

10-бап. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқысы бар.
2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қ оғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

11. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы

және оның төралқасының өкілеттіктері
1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
3. Төралқаның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.
4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
4) Қоғамдық Кеңестің отырыстарының аралығында (қажеттілігіне байланысты) кейбір мәселелер бойынша ұсынымдар қабылдайды.

12. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

13. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
2. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық Кеңестің отырысы кемінде жылына төрт рет шақырылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-аќ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.
Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
4. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
5. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың, Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.
6. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

14. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

1. Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.
2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

15. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 10-бабының 1 тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

16. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері

1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
2. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру;
2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;
3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу;
4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.

17. Қоғамдық бақылау ұғымы, оның объектісі мен субъектісі

1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.
2. Жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.
3. Қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.

18. Қоғамдық бақылау нысандары

1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.
3. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.
4. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.

19. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері

Қоғамдық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес, қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;
3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;
4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;
5) сұрау салулар беру;
6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

20. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.
4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
5. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;
4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
6. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдайды және оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

21.Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1.Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі – Қазақстан
Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарға» сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісілген мерзімдерде өткізеді.
2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерініңң жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
8. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:
1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

22.Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.
2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.

23. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Жылына бір рет жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау облыс
әкімінің баяндамасын және облыстық мәслихаттың хатшысының , Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) есепті тыңдау күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
3. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
4. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.