Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың

ШЕШІМІ

Орал қаласы                          № 31 -2                          23 ақпан 2016 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Қоғамдық кеңесінің құрамын

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2016 жылғы 22 ақпандағы №2 хаттамасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілсін.

 

 

 

Сессия төрағасы                                                                С. Сүлеймен

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                        М.Құлшар

 

 

 

 

2016 жылғы 23 ақпандағы

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының №31-2 шешіміне

қосымша

 

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы:

1. Салықов Ербол Ғұмарұлы Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, Кеңес төрағасы
2. Айтимов Ақсерік Сарыұлы «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы және ректоры, Кеңес хатшысы


Кеңес мүшелері:

3. Абуғали ШаҺидолла Ишанғалиұлы «Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ Жаңақала аудандық электр тарату мекемесінің басшысы, Жаңақала аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
4. Агедилов Дархан Мүтиғоллаұлы облыс әкімі аппараты мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы
5. Ахметжанов Батырбек Мақсотұлы «Казталов біріккен өндірістік теле-коммуникациялар торабының басшысы, Казталов аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
6. Әліпқалиев Бекет «Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Жәнібек аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
7. Батпакулова Гулмира Асқарқызы «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
8. Бисенғалиев Роман Масалимұлы «Евразия» индустриалдық- экономикалық колледжінің директоры, Орал қалалық Қоғамдық кеңестөрағасы
9. Ғабдуллин Манарбек Серікқалиұлы Батыс Қазақстан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы
10. Галимов Ануарбек Сырым Сырым аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
11. Дергачева Ольга Всеволодовна «Ламед» Батыс Қазақстан облысының еврей этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
12. Ермекқалиев Орынғали Бакесұлы «Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қаратөбе аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
13. Есекенова Айгүл Оразқызы Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы
14. Жаңбырбаев Ғабдрахим Маралұлы «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы
15. Измағамбетов Ибрагим Таирұлы Бөрлі аудандық қоғамдық келісім Кеңесі төрағасының орынбасары, Бөрлі аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
16. Иманғалиев Жанболат Ғайнешұлы Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуда үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
17. Ирменов Қамидолла Мүтиғоллаұлы Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
18. Искалиева Алтынай «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
19. Қапақов Ғайса Хамедоллаұлы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
20. Қатабаев Гусман Кутубаевич Теректі аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, зейнеткер
21. Қоспаев Бақытжан Хасенұлы Ақжайық аграрлық -техникалық колледжінің директоры, Ақжайық аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
22. Қожжанов Жұмажан «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
23. Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы
24. Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы
25. Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
26. Мамедов Наджафа Мирзага оглы «Бірлік» Азербайжан қоғамдық бірлестігінің төрағасы
27. Мерғалиев Серик Ролланович «Серік» өндірістік жабдықтау кешенінің президенті
28. Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының басшысы
29. Мұхамбетов Мырзағали Әбілқасымұлы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы
30. Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы
31. Оңғарбеков Марат Кенжетайұлы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
32. Пак Максим Валериевич «Батыс Қазақстан облысы кәріс мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
33. Погодин Сергей Михайлович «Батыс Қазақстан облысы орыс мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
34. Салиева Алия Утемисқызы Батыс Қазақстан облысы «Азаматтық альянсы» қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігі президенті
35. Сапаров Бақытжан Сапарұлы Шыңғырлау аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, зейнеткер
36. Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы «Ақжол» білім және ғылымды дамыту қорының төрағасы
37. Танатов Серік Қабденұлы Бөкей Орда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Бөкей Ордасы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
38. Тасмағамбетов Бақтығұл Жұмажанұлы Тасқала аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, зейнеткер
39. Тоқжанов Марат Лұқпанұлы Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
40. Шмарина Любовь Борисовна Зеленов аудандық «Арна» әйелдер одағының төрайымы, Зеленов аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы
41. Щукина Людмила Юрьевна «Экспо Сувенир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры