Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы

Жоба

 

Орал қаласы                                   №                                    маусым 2017 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының
су объектілерінде ортақ су пайдаланудың
Қағидаларын белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары белгіленсін.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                               Л. Тұрсынова

Облыстық мәслихат хатшысы                                            М. Құлшар

2017 жылғы ____маусымдағы №____
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне
қосымша

 

Батыс Қазақстан  облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың
Қағидалары

Осы Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына,  65-бабының 4-тармағына, 92-бабының 2-тармағына және  95-бабының 5-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына сәйкес әзірленді.

1.    Жалпы ережелер

Осы Қағиданы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық  құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;
2) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
3) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
2. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құралдарды қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;
3) рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
4) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
5) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
3. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және арнайы рұқсат талап етілмей жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Су кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне рұқсат етілмейді.

2.  Су объектілеріндегі ортақ су пайдаланудың тәртібі.

1. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
2. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, мынадай жерлерде:
1) халықтың шомылуы:
ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
шлюздерге, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысынсыз және облыстың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркелмеген тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға;
3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;
4) зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан, сондай-ақ ұйымдастырылған жағажайларда пайдаланылатын шағын кемелер мен жабдықтардан басқа, адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдындарында шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынады деп белгіленсін.
3. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитарлық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
4. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) су объектісі аумағында жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
5. Адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдынындағы суды жыл сайын, шомылу маусымы басталар алдында кемінде бір рет санитарлық-химиялық және микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеруден өткізу қажет.
6. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша қаланың және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
7. Облыстың жергілікті атқарушы органы тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.
8. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстың жергілікті атқарушы органына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
9. Облыстың жергілікті атқарушы органы ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны су пайдаланушыға жолдайды.
10.  Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Су пайдаланушы облыстың жергілікті атқарушы органынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
11. Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарынан, сондай-ақ көпшілік демалу орындарынан, мәдени-тұрмыстық, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі. Басқа жағдайларда суат алаңдарын жайластыру жөніндегі іс- шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
12. Су пайдаланушылар белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына, жер үсті және жер асты суларының су жинау алаңының ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның шешімінсіз ауыз су сапасындағы суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермейді.
13. Ортақ су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату жөніндегі шығындар, осы су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі.
14. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалысын шектеу немесе тыйым салу, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
15. Осы Қағиданың сақталуын бақылау олардың құзыреттері шегінде ішкі істер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.
16. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.