Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Батыс Қазақстан                                              Батыс Қазақстан облыстық

облысының әкімдігі                                                 мәслихаты

№                                                                                     №

2018 жыл                                                                               2018 жыл

 

Орал қаласы

 

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстаноблысының

кейбір елді мекендерін

қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы,«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақтартұрғындарының пікірін ескереотырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ жәнеБатыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері:

1) Ақжайық ауданы бойынша:

Первомай ауылы – Қабыршақты ауылы болып;

1) Сырым ауданы бойынша:

Бірінші Май ауылы – Саралжын ауылы болып қайта аталсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

 

А.Көлгінов

Сессия төрағасы                    Ф. Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                  М.Құлшар