Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшiн облыс шегiнен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебiнен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшiн облыс шегiнен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебiнен тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешім жобасын  жарияланады.

 

 ЖОБА.

 Орал қаласы                                                «__»_______2016 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының азаматтарына

емделу үшiн облыс шегiнен тысқары

жерлерге бюджет қаражаты есебiнен тегін

жол жүруді ұсыну туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстағы медициналық ұйымдарына тіркелген Батыс Қазақстан облысының азаматтарына (бұдан әрі – науқас) медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшiн облыс шегiнен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебiнен емдеу-алдын алу ұйымының арнайы мамандандырылған комиссиясы белгіленген үлгідегі жолдамаға сәйкес, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) және Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өңірлік комиссиясының қорытындысы болған жағдайда, сонымен қатар, науқасты алып жүруші (бір адамнан аспайтын) тұлғаға тегiн жол жүру ұсынылсын.
  2. Жоғарымамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда, науқастың және оны алып жүруші (бір адамнан аспайтын) тұлғаның теміржол көлігімен жол жүруі (барып-қайту) құнын төлеу іске асырылсын.
  3. Медициналық көрсеткіштер бойынша облыс шегінен тысқары жерлерге жіберілген және дәрігерлік-консультациялық комиссиясының өмір тіршілігін шектеу туралы көрсеткіші бар науқас және оны алып жүруші (бір адамнан аспайтын) тұлға әуе көлігі арқылы ұшатын жағдайда, жол жүру (барып-қайту) құнын төлеу толық көлемде жүргізілсін.
  4. Науқастарға әуе көлігімен ұшуға дәрігерлік-консультациялық комиссиясының рұқсаты болмаған жағдайда, медициналық көрсеткіштер бойынша облыс шегінен тысқары жерлерге жіберілген науқасқа және оны алып жүруші (бір адамнан аспайтын) тұлғаға жол жүру (барып-қайту) құнын төлеу темір жол көлігінің купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жүргізілсін.
  5. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі емделетін науқастардың және оларды алып жүруші тұлғалардың жол жүру құнын төлеуді жүргізсін.
  6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.