Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

Орал қаласы                               №14 – 1                               26 қазан 2017 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облысында
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған «Денсаулық»
мемлекеттік бағдарламасының
орындалу барысы туралы

 

 

                      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы»баяндамасы қатерге алынсын.

 

 

               Сессия төрағасы                                                   Қ.Ашығалиев

               Облыстық мәслихат хатшысы                            М.Құлшар

 

 

 

 

 

 

 

№ исх: 5-4/4458 от: 20.10.2017
ОДСБ басшысы
Қ.Д. Төсекбаевтың баяндамасы

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының Батыс Қазақстан облысы бойынша жүзеге асырылуы

Құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №143 қаулысын іске асыру мақсатында БҚО денсаулық сақтау басқармасымен 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның Батыс Қазақстан облысы бойынша жүзеге асырылуы жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді.
Іс-шаралар жоспары -халықтың денсаулығын нығайтуға және 2019 жылға тұрғындардың күтілетін өмірін 73 жасқа жеткізумен өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 5542,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 5192,3 млн.теңге, 2017 жылдың 01 қазанына -4420,8млн.теңге бөлінді (республикалық бюджет-4269,2 млн.теңге), игерілді –100% .
Іс-шаралар келесі көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталды:
– миокардың жіті инфарктісі мен инсультті, жарақаттарды, онкологиялық ауруларды және босандыруға жәрдемдесу мен балалар денсаулығын қорғау қызметін басқару бойынша денсаулық сақтаудың ықпалдастырылған моделдерін енгізу жөніндегі Өңірлік Жол карталары іске асырылуда;
-қалалық емханаларда Ауруларды басқару бағдарламалары (АББ) енгізілді, ЖТД мамандары мен мультидисциплинарлық топтары оқытылды. 480 пациент қамтылды;
-ауруларды ерте анықтау скринингтері бойынша жұмыс жүргізілуде (ҚАЖА, глаукома, диабет, онкоаурулар). 2017 жылдың ағымдағы кезеңінде ТМККК шеңберінде – 126432 (98,6% жылдық жоспардан) адам, онкоскринингке – 92462 адам (96,9%жылдық жоспардан) тексерілді.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі көрсеткіштері төмендегіні құрады:
– денсаулық индексі -18% құрады;
-1000 тұрғынға жалпы өлім-жітім көрсеткіші 4,4%-ға төмендеді және 5,60 құрады (2016ж.-5,86);
-ана өлімінің жағдайлары тіркелген жоқ (2016ж.-1 жағдай, көрсеткіш-10,0);
– нәресте өлім-жітімі көрсеткіші 1000 тірі туылғанға 14,7%-ға төмендеді және 6,4 құрады(2016 ж.-7,5);
-қанайналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға) 1,9%-ға өсті және 139,9 құрады (2016ж.-137,2);
-100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші-0,8%-ға төмендеді және 37,3 құрады (2016 ж.-37,6);
-туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға 9,1%-ға төмендеді және 2,0 құрады (2016ж.-2,2);
-қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға 1,3%-ға төмендеді және 63,1 құрады(2016 ж.-63,9);
– қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткіші (1-2 сатыда) –59,6% құрады;
– жарақаттардан, жазатайым жағдайлардан және уланулардан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға – 2%-ға төмендеді және 55,2 құрады (2016г.-56,3).
Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекеттестік
Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекеттестік шеңберінде жұмыс жалғастырылуда: 217 жалпы білім беру мекемесінде нашақорлық пен мінез-құлықтық аурулардың алдын алу жөнінде бағдарлама енгізілді, Жол көлік оқиғалары кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша 106 парамедик оқытылды,кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі 36 инспектор балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейіндегі қауіп тобын ерте анықтау технологияларына оқытылды, БҚО Ішкі істер департаментінің 300 қызметкері (полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар) мастықтың дәрежесін (алкогольдік, есірткілік, уытты) анықтау дағдыларына оқытылды, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен, Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бизнес құрылымдары арасында АИТВ/ЖИТС-профилактикасы жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.
Балалар мен жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлықтарының алдын алу бойынша Жол Картасын жүзеге асыру шеңберінде 17 дәрігер-психиатр және 233 жалпы тәжірибе дәрігері оқытылды.
Ағымдағы кезеңде ТМККК шеңберінде 88606 адам дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді (амбулаторлық қамтамасыз ету).
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 248 қаулысымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырушылық құрылымында қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі бөлім құрылды.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында облыста 11 жоба құрылды, олар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
1. «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту».
2. «Медициналық көмектің барлық деңгейлерін пациент мүдделерінің маңайында топтастыру және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымды дамыту».
3. «Ұлттық дәрі-дәрмектік саясат».
4. «Бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту және денсаулық сақтау саласында жеке секторды дамыту».
5. «Адами ресурстарды стратегиялық басқару».
6. «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту».
7. «Денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру және цифрландыру».
8. «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту».
9. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу».
10. «Денсаулық сақтау саласында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту».
11. «Медициналық туризмді және импортты алмастыруды дамыту».
Денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру және цифрландыру
Медициналық ұйымдарда «Казмединформ» ақпараттық-талдау медициналық жүйесі енгізілді, оны медициналық ұйымдардың барлық қызметтері пайдаланады: тіркеу бөлімі, емхана, стационар, зертхана, функционалдық диагностика, статистика, кадрлар. Жүйеде электрондық медициналық карталар қалыптастырылады, оған медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары енгізіледі.
2016 жылы 1064дана копьютерлік техника сатып алынды (152,3 млн.теңге), 2017 жылы – 947 дана, сатып алу жергілікті бюджет қаражаты есебінен (162,5 млн.теңге), сондай-ақ медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді.
399 медициналық объектінің ішінде – 120 (30%) объектіде интернетке қолжетімділік жоқ (шалғай жатқан шекаралас аудандардың медициналық пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттері), немесе 512 Кбит/сек аспайтын қолжетімділіктің төмен жылдамдығына ие. Шалғай жатқан ауылдық жерлерге оптикалық-талшықты байланыс немесе спутниктік интернет өткізу бойынша «Транстелеком», «Қазақтелеком» компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
Пациенттің электрондық паспортын енгізу медициналық ақпараттық жүйені енгізудің түпкілікті нәтижесі болып табылады. 2018 жылдан бастаппилоттық жоба ретінде облыстық клиникалық аурухана және №3 қалалық емханада пациенттің электрондық паспортын енгізуді жүзеге асыру жоспарлануда.
МСАК ұйымдарында кезектілік проблемасын шешу үшін қаланың 6 емханасында және «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында «Казмединформ» МАЖ біріктірілген электрондық кезекті басқаруды жүйесі (бұдан әрі – ЭКБЖ) енгізілді. Жүйе медициналық ұйым ішінде пациенттерді маманға қаралуға мақсатты түрде жолдайды. Жыл басынан бері жүйеде 656 мың тұрғынға қызмет көрсетілді, бұл айына орташа есеппен 9200 пациент. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша облыстың 3 медициналық ұйымында ЭКБЖ-ні енгізу жоспарланған (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов аудандық орталық ауруханалары).
Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында 2 мобильдік қосымша енгізілуде (жүкті әйелдер және онкологиялық науқастар үшін), ол пациенттерге өзін-өзі бақылауға, диагностика мен емдеу алоритмін сақтауға, медициналық ұйыммен үнемі байланыс жасап тұруға мүмкіндік береді.
Жедел медициналық көмек жұмысын жаңғырту және жеделдігін арттыру шеңберінде 2017 жылдың 1 тамызынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша жедел жәрдем станциясы диспетчерлік қызметінің компьютерлік паркіне жаңғыртулар жүргізілді. «Жедел медициналық көмектің диспетчерлік қызметін автоматтандыруға»арналған бағдарламалық қамсыздандыру енгізілді.
Диспетчерлік қызметте диагоналы «75» теледидар орнатылды, онда статустарымен бригадалардың тұрған жерлері көрсетіледі.
Ол шынайы уақыт режимінде қала бойынша, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында бригадалардың қозғалысын бақылап отыруға, сонымен қатар шақырту түскен жерге жақын жүрген ЖМК бригадасын қысқа уақыт ішінде науқасқа жолдауға мүмкіндік береді. Бұл төтенше жағдайлар кезінде өте маңызды.
Тәулік бойы стационарлардың науқастарды қабылдау бөлімшелерінде жеткізілетін науқастар туралы толық ақпаратты көрсететін веб-қосымша орнатылды.
Көшпелі бригадалар шақыртудың электрондық картасы бар планшеттермен жарақталған. Бұл рацияны немесе телефонды қолданбай-ақ шақыртуды бригадаға тікелей планшетке түсіруге мүмкіндік берді.
Өткен аймен салыстырғанда 2 айдың талдау нәтижесі бойынша «АДИС» бағдарламасын жаңғыртудан кейін төмендегі көрсеткіштердің жақсаруы байқалады:
– диспетчерге келіп түскен шақыртуды өңдеу уақыты 5 минуттан 2-3 минутқа дейін төмендеді;
– шақыртуға жетудің орташа уақыты 11,2 минуттан 9,72 минутқа дейін төмендеді;
– ЖКО-орын алған жерге дейін жетудің орташа уақыты 5,52 минуттан 4,5минутқа дейін төмендеді;
– ауруханаға дейінгі өлім-жітімгебригаданың жетуінің орташа уақыты 12,50-ден 9,11 минутқа дейін төмендеді.
Телефон қоңырауларын өңдеу және жүгінулерді басқару үшін облыста сақтандыру медицинасының, бекіту кампаниясының және т.б. мәселелерді түсіндіру жөніндегі Бірыңғай өңірлік Cаll-орталығы құрылды, оған облыстың 36 медицина ұйымы қосылды. 2017 жылдың 9 айында өтініштер саны -4408 құрады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша:
Облыстық бюджеттік комиссияның 2017 жылғы 25 шілдедегі №7 отырыс хаттамасына және облыс әкімнің 2017 жылғы 28 шілдедегі №206 қаулысына сәйкес 3 жоба бойынша («БҚО Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылында ауысымына 35 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы»; «ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК үшін лизингке магниттік-резонанстық томографты сатып алу»; «ШЖҚ №7 қалалық емхана» МКК-ні сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру») тұжырымдама, конкурстық құжаттама, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының шарттарын әзірлеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеу қызметтерін қаржыландыруға 21354,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді.
2017 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 2 жоба («ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК үшін лизингке магниттік-резонанстық томографты сатып алу»; «ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК-ні сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру») бойынша тұжырымдама, конкурстық құжаттама және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобалары әзірленді. Қазіргі уақытта бұл құжаттама облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында, сондай-ақ «Технопарк Алгоритм» ЖШС-де келісу рәсімінен өтуде.«БҚО Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылында ауысымына 35 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы» жобасы бойынша тұжырымдама, конкурстық құжаттама және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобалары 29 қыркүйекте әзірленді.
Денсаулық сақтау басқармасымен жекешелендіруге және сенімгерлік басқаруға беруге 3 нысан қарастырылған. Қазіргі уақытта 2 жоба іске асырылды: ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» МКК жекешелендіруге берілді, ШЖҚ «№ 4 қалалық емханасы» МКК сатып алу құқығынсыз 7 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.
Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық техникалық базасын жақсарту үшін 2017 жылы 19 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілуде.
2017 жылдың 01 қазанына 113 медициналық техника сатып алынды. Ағымдағы жалдың соңына дейін 21 бірлік санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланды (соның ішінде 7 реанимобиль).
Денсаулық сақтаудың кадрлық саясаты.
2017 жылы 86 жас маманның келуі күтілуде, қазіргі уақытта оның43-і жұмысқа орналастырылды (31 дәрігер аудандарда) және бүгінгі таңда дәрігерлермен қамтамасыз ету–24,2, орта медициналық қызметкерлерменқамтамасыз ету – 88,4 (10 мың тұрғынға) құрады.
Дәрігерлердің тапшылығы келесілерді іске асыру жолымен жойылатын болады:
– бейінді мамандықтар (кардиология, отоларингология, офтальмология, неврология, рентгенология, сәулелі диагностика және т.б.) бойынша мамандар дайындау жоспарланған;
-медициналық ұйымдар есебінен мамандарды оқыту;
– 2017 жылы облыс әкімі медициналық жоғары медициналық оқу орындары (М.Оспанов атындағы БҚММУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) оқуға 24 студентке грант бөлді.
Алға қойған міндеттерді шешуге және облыста кадр ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, ынтымақтастық шеңберінде денсаулық сақтау басқармасымен М.Оспанов атындағы БҚММУ (Ақтөбе қаласы) және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен (Астана қаласы) Меморандум жасалды.
2017 жылдың қазан айында оқу-клиникалық орталығы ашылды . Оның мақсаты – халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысының медициналық қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ететін білім қызметтерін ұсыну болып табылады.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы негізгі міндеттер
1. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін: нәресте өлім-жітімін, қан айналым жүйесі ауруларынан, туберкулезден, жарақаттардан, жазатайым оқиғалар мен уланулардан өлім-жітімді төмендету.
2.Жалпы өлім-жітім құрылымында үлес салмағы жоғары негізгі әлеуметтік-мәнді аурулар (миакардтың жіті инфарктісі, инсульт, жарақаттар, онкологиялық аурулар) және 2016-2019 жылдары босандыруға жәрдемдесу қызметін, балалар мен жасөспірімдердің суицидальдық профилактикасы бойынша басқарудың ықпалдастырылған модельдерін енгізубойынша Жол карталарын жүзеге асыру.
3.Денсаулық сақтауды ақпараттандыру.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.
Облыс тұрғындарының денсаулығын одан әрі арттыру және нығайту үшін облыстық білім, спорт және денешынықтыру басқармаларымен, қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен, аудан әкімдері және Орал қаласының әкімдіктерімен және басқа да мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде бірлесе жұмыстану қажет.