Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерініңқызметін бағалау әдістемесін бекітутуралы

Жүктеп алу (PDF 440KB)

Орал қаласы                                   №12-3                                    28 тамыз 2017 жыл

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық
мәслихат аппараты» мемлекеттік
мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерініңқызметін
бағалау әдістемесін бекітутуралы

 

 

                  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облыстықмәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №6-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №4587 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

             Сессия төрағасы                                          А.Амирханян

             Облыстық мәслихат хатшысы                   М.Құлшар

 

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2017 жылғы
28 тамыздағы №12-3
шешімімен бекітілген

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы болып лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман (бұдан әрі – бас маман) оның жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның мүшесі не төрағасы болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып бас маман табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

10. Жұмыстың жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жұмыстың жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана бас маманға беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

14. Бас маман Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Бас маман бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және (немесе) ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.
19. Айыппұл баллдары атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде бас маманның және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы бас маман, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады.
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

∑m=100+а-в,

∑m– тоқсандық баға;
a – көтермелеу баллдары;
в – айыппұл баллдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 баллға дейін (қоса алғанда)– «қанағаттанарлық», 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 баллдан астам – «өте жақсы».

5. Жылдық бағалау

28. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жұмыстың жеке жоспарын орындау бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:
жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін – 2 балл;
мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маманмен және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
32. Бас маман «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

∑жыл=0,4*∑m+0,6*∑жж,

∑жыл – жылдық баға;
∑m – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
∑жж –жұмыстың жеке жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – «қанағаттанарлық», 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді», 5 балл – «өте жақсы».

6. Бағалау жөніндегі комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

34. Бас маман Бағалау жөніндегі комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Бағалау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Бас маман Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
35. Бағалау жөніндегі комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағалау жөніндегі комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.

«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маманда сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

38. Бағалау жөніндегі комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Бағалау жөніндегі комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсынба жасайды.
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолдайды.
41. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
43. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
44. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі Бағалау жөніндегі комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
45. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
46. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
47. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша

 

Нысан

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

 

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________
__________________________________________________________________

Мақсаттық көрсеткіштер* Күтілетін нәтижелер

 

1 Мақсаттық көрсеткіш 1

 

2 Мақсаттық көрсеткіш 2

 

3 Мақсаттық көрсеткіш 3

 

4

 

Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

 

Қызметші                                                     Тікелей басшы
___________________________             ___________________________
(тегі, аты-жөні)                                            (тегі, аты-жөні)
күні _______________________              күні _______________________
қолы ____________________                  қолы ____________________

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 2-қосымша

Нысан

 

Бағалау парағы

_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)

 

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_____________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________

Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы Тікелей басшының бағалауы

 

Ес

кер

ту

Көтермеле

нетін көрсет

кіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

 

Атқарушы

лық тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер Көтермеле

нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Атқарушылық тәртібін бұзу туралы мәліметтер Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
1
2
3
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

 

Бағалау нәтижесі:

Қызметші                                                     Тікелей басшы
___________________________             ___________________________
(тегі, аты-жөні)                                            (тегі, аты-жөні)
күні _______________________              күні _______________________
қолы ____________________                  қолы ____________________

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 3-қосымша

Нысан

 

Бағалау парағы

_________________ жыл
(бағаланатын жыл)

 

Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
____________________________________________________________________

 

Жеке жоспарды орындау бағасы

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

 

Маңызы

 

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

 

Басшының бағалау нәтижелері

 

Ескерту

 

1 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

 

2-ден 5 ке дейін

 

2 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

 

2-ден 5 ке дейін

 

3 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

 

2-ден 5 ке дейін

 

4

 

 

Қызметші                                                   Тікелей басшы
___________________________           ___________________________
(тегі, аты-жөні)                                           (тегі, аты-жөні)
күні _______________________            күні _______________________
қолы ____________________                қолы ____________________

 

 

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесіне 4-қосымша

Нысан

 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

Бағалау нәтижелері

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Бағалау жөніндегі комиссияның ұсыныстары
1.

 

2.

 

 

 

Бағалау жөніндегі комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Тексерген:

Бағалау жөніндегі комиссия хатшысы: _____________________ Күні: __________  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

Бағалау жөніндегі комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Бағалау жөніндегі комиссия мүшесі: _______________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

 

Жүктеп алу (PDF 440KB)