Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Т.Тлемисов азаматтарды қабылдады

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық  филиалының қоғамдық қабылдауында, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Т.Тлемисов азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында, тұрғын үй мәселесімен хабарласқан жалғызбасты анаға заңға сәйкес, «толық емес отбасы» санаты бойынша үй алу кезегіне тұруға  кеңес беріліп,  жазған арызы  тиісті органдарға жіберілді.

Сондай-ақ,  қабылдауда болған  Победа көшесіне  тұрмыстық қалдықтарды төгетін  контейнер орнатуға  көмек беруді сұраған   тұрғыннан  арызы алынып,  көтеріп отырған мәселені  жауапты мекеменің назарына жеткізетіндігін және  бұл мәселе  өзінің жіті қадағалауында  болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ,  депутат Т.Тлемисов  қабылдауда болған өзге де әлеуметтік аз қамтылған  тұрғындарға,  мемлекеттік мекемелердің мамандарын тарта отырып, көтерілген мәселелер бойынша  құқықтық- консультативтік кеңестер берді.