Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ШЕШІМІ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

РЕШЕНИЕ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА

 2018 жылғы 7 желтоқсаны№ 21-1

Орал қаласы                                                                   город Уральск

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы

6 желтоқсандағы № 15-2 «2018-2020 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 118 264 781 мың теңге:

салықтық түсімдер – 37 898 286 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2 034 967 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 800 мың теңге;

трансферттер түсімі – 78 321 728 мың теңге;

2) шығындар – 118 220 843 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9 464 992 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 12 306 225 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 841 233 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – -1 650 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 1 650 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 419 404 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
– 9 419 404 мың теңге:

қарыздар түсімі – 12 058 908 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 208 721 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 569 217 мың теңге.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 21-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2018 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі және кредиттердің жалпы сомасы 31 615 466 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 48 745 мың теңге;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 42 047 мың теңге;

жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге
– 1 979 453 мың теңге;

ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 271 140 мың теңге;

салауатты өмір салтын насихаттауға – 87 958 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 869 295 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 621 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 4 405 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 44 353 мың теңге;

«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 5 864 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 145 789 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге – 28 767 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 519 605 мың теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 111 907 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 116 812 мың теңге;

жастар практикасына – 194 805 мың теңге;

ақпараттық жұмысқа – 1 953 мың теңге;

жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік гранттар – 6 253 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге  – 72 479 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 49 900 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 10 712 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға  – 3 327 409 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға – 772 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 824 884 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 6 869 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 2 507 478 мың теңге;

ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға – 282 902 мың теңге;

ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға – 83 579 мың теңге;

ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 399 095 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 772 818 мың теңге;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 208 875 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 1 804 293 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 611 265 мың теңге;

елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға
– 3 330 513 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 1 357 451 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 2 162 212 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін кредит беруге – 1 445 874 мың теңге;

облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 279 379 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит беруге – 4 014 528 мың теңге;

жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 1 487 407 мың теңге.»;

4-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 4 831 720 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

5 тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылы бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтаруға байланысты – 90 764 мың теңге.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 12 456 443 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

6 845 104 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

5 611 339 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. 2018 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 6 936 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3.Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша (rar, 93 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                       М.Құлшар

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           М.Құлшар

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.12.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5427 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Западно-Казахстанской области – Замистилель руководителя аппарата Есентай Гиниятович Калиев, 10.12.2018 16:59:13, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Западно-Казахстанской области – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 10.12.2018 17:00:04, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат областного маслихата – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 10.12.2018 17:00:38, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области – Руководитель Аманжол Кенесбаевич Абдрахманов, 10.12.2018 18:28:54, положительный результат проверки ЭЦП