Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №10-4 «Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

Орал қаласы       №4-7      10   маусым   2016   жыл

Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының  
2013 жылғы  26 маусымдағы  №10-4
«Батыс Қазақстан облыстық    
ономастикалық  комиссияның  дербес
құрамы  туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан   облысы әкімдігінің  2016 жылғы  22  тамыздағы   №145   қаулысы негізінде  Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:
1.   Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының  2013 жылғы   26 маусымдағы  №10-4  «Батыс Қазақстан облыстық   ономастикалық комиссияның дербес   құрамы  туралы» шешіміне төмендегідей  өзгерістер енгізілсін:
Батыс Қазақстан облыстық   ономастикалық комиссияның дербес   құрамындағы:
«Мәкен Бақтияр Мәкенұлы – облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы» деген жол «Тоқжанов Марат Лұқпанұлы – облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы» деген жолмен  ауыстырылсын;
«Орынғалиев  Ғалым  Ғұбашұлы  – Орал қаласы  әкімінің орынбасары» деген жол  «Сатыбалдиев Марс Қадырғалиұлы –  Орал қаласы  әкімінің орынбасары» деген жолмен  ауыстырылсын;
«Шарабасов Сериққкали Қабдешұлы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан   мемлекеттік университетінің  профессоры»  деген жол «Әжіғалиев  Марат Қайыржанұлы» – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті (келісім бойынша» деген жолмен ауыстырылсын.

Сессия  төрағасы                 С. Сүлеймен

Облыстық мәслихат хатшысы        М. Құлшар