Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

 

Орал қаласы                                                               «____» _______ 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9

«Азаматтардың жекелеген санаттарына

амбулаториялық емделу кезінде тегін

және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды

және мамандандырылған емдік

өнімдерді қосымша беру туралы»

шешіміне толықтырулар енгізу туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1.1) 1, 5, 8 тармақтағы азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер келесі дәрілік заттармен толықтырылсын:

1. Бастапқы өкпе гипертензиясы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Илопрост,  капсула;
Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар;Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар
7. Кистозды фиброз (Муковисцидоз) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі Колестинметат натрий,  ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
8. Онкология Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік Ибрутиниб, капсулалар;

Трастузумаб эмтанзин, инфузиялық ерітінді үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

 

1.2) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер мынадай редакциядағы 9, 10, 11 тармақтармен толықтырылсын:

9. Ювенильдық дерматомиазит Диспансерлік есепте тұрған балалар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;

Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді;

Метилпреднизолон, таблеткалар

10. Целиакия Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар;

Глютенсіз арнаулы емдік өнімдер

11. Крон ауруы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді
12. Балалар церебралды сал ауруы Диспансерлік есепте тұрған балалар Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

 

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (______) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                         М. Құлшар