Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі №5-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жоба

 

Орал қаласы                                     № 19-                          ___ ______ 2018 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  2016 жылғы 22 шілдедегі №5-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстаноблыстық мәслихатының  2016 жылғы 22 шілдедегі №5-3 шешіміне  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде №4524 тіркелген, 2016 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілеріңің эталондық бақылау банкінде жарияланған)  өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

4-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын биозарарсыздандыру тәсілімен реттеу;»;

4-тармақ 6)-тармақшамен толықтырылсын:

«6) оларды басқа жерге орналастыру.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда биозарарсыздандыруға және піштіруге жатады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда, мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде, сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады.».

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілеріңің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары (rar, 13 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                           И. Илимисов

 

Облыстық мәслихат

        хатшысы                                                           М. Құлшар