Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың
шешімі

Орал қаласы          № 4-6       10  маусым  2016 жыл

Батыс  Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы
16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды
және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан  облысы  әкімдігінің  2016 жылғы 22 сәуірдегі №139 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Батыс  Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне келесідей  өзгерістер енгізілсін:
Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамындағы:
«Мәкен Бақтияр Мәкенұлы –облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы» деген жол «Тоқжанов Марат Лұқпанұлы – облыс әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы» деген жолмен  ауыстырылсын;
«Көлгінов  Алтай Сейдірұлы – Орал  қаласының әкімі»  деген жол «Төреғалиев  Нариман  Төреғалиұлы – Орал  қаласының әкімі» деген жолмен  ауыстырылсын.
2. Батыс Қазақстан  облыстық  мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі №12-4 «Батыс  Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы  16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының  орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»   шешімі бұзылсын.

 

Сессия төрағасы                                 С. Сүлеймен

Облыстық мәслихат  хатшысы          М. Құлшар