Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы №12-14 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

№ 17-

 

Орал қаласы                                                                          2018  жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2013  жылғы 28 тамыздағы №12-14  «Батыс Қазақстан

облысы әкімдігі  жанындағы сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес  мәселелері  жөніндегі

аймақтық комиссияның құрамы   туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2018  жылғы 19  сәуірдегі  №93  қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан  облыстық   мәслихатының   2013   жылғы  28 тамыздағы №12-14  «Батыс Қазақстан  облысы әкімдігі  жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  мәселелері  жөніндегі аймақтық комиссияның құрамы   туралы»  шешімінің   қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің атауындағы  «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес» деген сөздер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл» деген  сөздермен  ауыстырылсын;

2) көрсетілген шешіммен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері жөніндегі  аймақтық  комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрамына:

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (салаға  жетекшілік ететін) –комиссия  төрағасының орынбасары»;

«Танабаева  Жанат Ізімбергенқызы – «Мәңгі қазақ елі»  қоғамдық бірлестігінің  төрайымы (келісім бойынша)» комиссия мүшесі ретінде  енгізілсін;

аталған Комиссия құрамынан  Түзелбаев Гамал Бекболатұлы, Мұхиттова Әсия Мұсақызы  шығарылсын;

3) Комиссия    құрамындағы:

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  басшысы (келісім  бойынша)»   деген  сөздер  «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  басшысы (келісім  бойынша)»   деген  сөздермен;

– ««Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (келісім  бойынша)»   деген  сөздер ««Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (келісім  бойынша)»   деген  сөздермен;

– «Бисенғалиев  Мұхит Мұханұлы – «Әділет» құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы,  «Қазақ гуманитарлық заң  университеті» акционерліу қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша  өкілдігі Нормативтік құқықтық актілер бойынша ғылыми сараптама және  талдау институтының директоры (келісім  бойынша)»   деген  сөздер ««Бисенғалиев  Мұхит Мұханұлы – «Әділет» құқықтық қорғау орталығы» қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы (келісім  бойынша)»   деген  сөздермен  ауыстырылсын.

 

 

Сессия  төрағасы                                                Ф. Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                             М. Құлшар