Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №18-12 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы консультативтік- кеңесші органның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба

№ 7-

Орал қаласы                                                   2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2014 жылғы 27 маусымдағы №18-12

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

жанындағы консультативтік- кеңесші

органның құрамы туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №72 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №18-12 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамы туралы» шешімнің қосымшасына :

1) Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

2) Искалиева Алтынай Ғалымқызы – «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) Кеңесші органның мүшелері ретінде енгізілсін.

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері қосымшаға сәйкес жойылсын.

 

Сессия төрағасы                                   Ф. Бахтиозин

Облыстық мәслихат

хатшысы                                               М. Құлшар

 

2018 жылғы —– № 17-

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының жойылуға жататын кейбір шешімдері

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-8 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №18-12 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы консультативтік- кеңесші органның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;
  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №27-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №18-12 ««Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы консультативтік- кеңесші органның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;