Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы №12-10 «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

№ 16- 9

Орал қаласы                                                                 16  наурыз  2018  жыл

 

 

Батыс  Қазақстан  облыстық 

мәслихатының   2013  жылғы  28 тамыздағы

№12-10  «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

жанындағы терроризмге  қарсы  комиссия

құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу

туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының  Заңына   сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2018 жылғы 23  ақпандағы  №40   қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан  облыстық  мәслихатының   2013  жылғы  28

тамыздағы №12-10  «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге  қарсы  комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер  енгізілсін  және  қосымшаға  сәйкес  бекітілсін.

 

 

                Сессия   төрағасы                                                        М. Байжанов

 

               Облыстық мәслихат хатшысы                                    М.Құлшар 

 

 

 

 

 

 

2018 жылғы 16 наурыздағы  №16-9

                                                                              Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне

                                           қосымша

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге
қарсы комиссияның құрамы

 

1. Батыс Қазақстан  облысының әкімі, комиссия  төрағасы;

2. Қазақстан Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің  Батыс

Қазақстан  облысы  бойынша  департаментінің  бастығы,  комиссия төрағасының орынбасары (келісім  бойынша);

3. Облыс әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің  басшысы,  комиссия  хатшысы;

Комиссия  мүшелері:

4. Батыс Қазақстан  облысы әкімінің  орынбасары;

5. Орал қаласының әкімі;

6. Батыс Қазақстан облысы ішкі  істер  департаментінің  бастығы

(келісім  бойынша);

7. Батыс Қазақстан облысы ішкі  істер  департаментінің   Жергілікті

полиция  қызметінің  бастығы (келісім  бойынша);

8. Батыс Қазақстан облысы  төтенше  жағдайлар департаментінің

бастығы (келісім  бойынша);

9. Орал станциясындағы  ішкі істер  желілік бөлімінің  бастығы

(келісім  бойынша);

10. Батыс Қазақстан облысы қорғаныс  істері  жөніндегі

департаментінің  бастығы  (келісім  бойынша);

11. Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер

комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің  басшысы (келісім  бойынша);

12. Батыс Қазақстан  облысы әділет  департаментінің  басшысы (келісім  бойынша);

13. Қазақстан  Республикасы Инвестициялар және  даму

министрлігінің Батыс  Қазақстан облысы  бойынша  көліктік бақылау инспекциясының басшысы (келісім  бойынша);

14. Батыс  Қазақстан облысы  денсаулық  сақтау басқармасының

басшысы;

15. Батыс Қазақстан облысы   білім  басқармасының басшысы;

16. Батыс Қазақстан облысы   ішкі  саясат  басқармасының басшысы;

17. Батыс Қазақстан облысы  жұмыспен  қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

18. Батыс  Қазақстан облысы   дін істері  басқармасының басшысы;

19. Батыс  Қазақстан облысы   дене  шынықтыру және  спорт

басқармасының  басшысы;

20. Батыс  Қазақстан облысы  Қазақстан  халқы  ассамблеясы

хатшылығының меңгерушісі