Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткiзу Қағидасын бекiту туралы» №14-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Орал   қаласы                    №29-10               9 желтоқсан  2015 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2013 жылғы

13 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан

облысында жылу маусымына дайындық

және оны өткiзу Қағидасын

бекiту туралы» 14-5 шешімінің күші

жойылды деп тану туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып,   Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсан-

дағы «Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы» (2014 жылғы 21 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3412 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген, «Орал өңірі» газетінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 15,16 жарияланған) №14-5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық

мәслихат аппаратының   басшысы С.Сұлтановқа жүктелсін.

 

 

Сессия төрағасы                                                   С. Сүлеймен

      

 

Облыстық мәслихат

         хатшысы                                                           М. Құлшар