Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы №9-5 «Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы» шешімін жою туралы

Орал қаласы                                 №10-19                                   1 маусым 2017 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2017 жылғы 24 ақпандағы №9-5 «Батыс
Қазақстан облысының су объектілерінде
ортақ су пайдаланудың Қағидаларын
белгілеу туралы» шешімін жою туралы

 

 

                      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2017 жылғы 15 наурыздағы №10-5904 хатының негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы №9-5 «Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы А.Сұлтановқа жүктелсін.

 

 

             Сессия төрағасы                                              Л. Тұрсынова

             Облыстық мәслихат хатшысы                       М. Құлшар