Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №16-8 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал  қаласы                          № 10-13                   1  маусым  2017  жыл       

 

 

 

Батыс  Қазақстан  облыстық  мәслихатының
2014  жылғы  28 наурыздағы  №16-8  «Батыс  
Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы
мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның
құрамы  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы    

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017  жылғы 21   сәуірдегі   №106   қаулысы негізінде   Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.    Батыс    Қазақстан    облыстық     мәслихатының    2014   жылғы  28
наурыздағы  №16-8  «Батыс  Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы
мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамы  туралы»  шешіміне өзгерістер енгізіліп,  мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамы  жаңа  редакцияда  жазылсын.

 

 

 

                    Сессия төрайымы                                                  Л. Тұрсынова

                    Облыстық мәслихат  хатшысы                                M. Құлшар

 

 

 

 

 

 

 

2017  жылғы   1 маусымдағы  №10-13

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

шешіміне  қосымша

 

 

 

 

Батыс  Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы

мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамы

 

 

1. Батыс Қазақстан облысының әкімі, Комиссия төрағасы;
2. Батыс Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
3. Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы, Комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
4. Орал қаласының әкімі;
5. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы (келісім бойынша);
6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы (келісім бойынша);
8. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (келісім бойынша);
9. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
10. Батыс Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша);
11. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы;
12. Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы;
13. Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
14. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры (келісім бойынша);
15. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша);
16. «Қазақстан Коммунистік Халық партиясының» Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (келісім бойынша);
17. «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
18. «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
19. М.Ықсанов атындағы қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша);
20. «Мирзоян» армян мәдени-ағарту қоғамының төрағасы (келісім бойынша);
21. «ПОСТМЭН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша).