Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №10-4 «Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                             №10-10                        1  маусым   2017     жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының  
2013 жылғы  26 маусымдағы  №10-4
«Батыс Қазақстан облыстық    
ономастикалық  комиссияның  дербес
құрамы  туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

 

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан   облысы әкімдігінің  2017 жылғы  18  наурыздағы   № 84   қаулысы негізінде  Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:
1.   Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының  2013 жылғы   26 маусымдағы  №10-4  «Батыс Қазақстан облыстық   ономастикалық комиссияның дербес   құрамы  туралы»  шешіміне  қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін және  жаңа редакцияда мазмұндалсын.

 

 

             Сессия  төрайымы                                                        Л. Тұрсынова
                                                              

             Облыстық мәслихат  хатшысы                                       М. Құлшар

 

 

 

 

 

2017 жылғы 1 маусымдағы

№ 10- 10  Батыс Қазақстан   облыстық   мәслихатының  шешіміне

1 қосымша

 

 

Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы

 

 

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары, комиссияның төрағасы;
  2. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
  3. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы, комиссияның хатшысы;

Комиссия мүшелері:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);
  2. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;
  3. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы;
  4. Орал қаласы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары;
  5. Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының салаға жетекшілік ететін орынбасары;
  6. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша);
  7. Жақсығалиев  Жаңабек  Жақсығалиұлы – Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті (келісім бойынша);
  8. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Филология» кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша);
  9. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының редакторы (келісім бойынша);
  10. «Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);
  11. Батыс Қазақстан облысының «Еднання» украин мәдени-ағарту қоғамының төрағасы (келісім бойынша).