Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Гульмира Батпакулова азаматтарды қабылдады

Nur Otan партиясы  Батыс Қазақстан облыстық  филиалының қоғамдық қабылдауында, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Гульмира Батпакулова  азаматтарды  қабылдады.

Қабылдау барысында,  2 –ші топтағы  қала тұрғыны, жұмысқа орналасуға және тұрғын үйге қол жеткізуге  ықпал етуді  сұрады.

Г. Батпакулова бұл  азаматқа   өзге  жауапты мекемелерге  жолығуға және  әлеуметтік қызмет көрсету сайтына тіркеліп, өздігінен  тапсырыс беру арқылы  қажетті  құралдарға қол жеткізе алатындығын  түсіндірді.

Ал,  қабылдауға келген мүгедек  әкесін бағып отырған жоғары қабатта тұратын, мініп-түсу қиындығын айтқан   жалғызбасты анаға  волонтерлардың  көмегіне  жүгіну  ұсынылды. Сондай-ақ,  депутат Г.Батпакулова  қабылдауда болған өзге де әлеуметтік аз қамтылған  тұрғындарға,  мемлекеттік мекемелердің мамандарын  тарта отырып,   көтерілген мәселелер бойынша  құқықтық- консультативтік  кеңестер берді.

рисунок