Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №6-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Орал қаласы                           №10-17                                   1 маусым 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 15 қыркүйектегі №6-5
«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесін бекіту туралы» шешімінің
күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 желтоқсанда №14637 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі №6-5 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                    Сессия төрағасы                                                 Л.Тұрсынова
    
                    Облыстық мәслихат хатшысы                             М.Құлшар