Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы №26-4 «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жоба

Орал қаласы                              №                                   маусым 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 28 тамыздағы №26-4
«Батыс Қазақстан облысының жасыл
екпелерді күтіп-ұстау және қорғау,
қалалардың және елді мекендердің
аумақтарын абаттандырудың Қағидасын
бекіту туралы» шешімінің күші жойылды
деп тану туралы

 

                  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі №10-8895 хатының негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 28 тамыздағы №26-4 «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4220 тіркелген, 2015 жылы 22 қазаңда «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                     Сессия төрағасы                

                     Облыстық мәслихат хатшысы                                        М. Құлшар