Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

 

Орал қаласы                             №                             ____ __________ 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2009 жылғы 11 ақпандағы  № 11-14
«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақының ставкалары туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

                      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексіне сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы  № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3021 тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ алып тасталсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы                                        Л.Тұрсынова                              

Облыстық мәслихат хатшысы                          М.Құлшар